Жаңалықтар
Ақтаудағы 5 сайлау учаскесінде ХҚО мамандары жұмыс істейді
- author AR-AY
- 18 қараша, 2022
- 140
Ақтаудағы 5 сайлау учаскесінде ХҚО мамандары жұмыс істейді
20 қараша күні Ақтаудағы 5 сайлау учаскесінде Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары жұмыс істейді. Олар тұрғылықты тіркеуі жоқ сайлаушылардың дауыс беруіне мүмкіндік жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Дауыс беру учаскесінің ғимаратына тіркеуге қояды. Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары бәрін түсіндіреді. Барған учаскесінде дауыс беруге мүмкіндік туғызады», - деді Ақтау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ерғали Іскендіров.
Сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтар үшін 7 инватакси қызмет көрсетеді. Олардың дауыс беруіне арнайы орындар дайындалды. Құлағының мүкісі бар азаматтар үшін құлаққап қойылған. Онда сурдоаудармасымен екі тілде бейнероликтер көрсетіледі. Ал зағип жандар үшін Брайль трафареті бар.
Олар: Ақтау қаласының 11 шағынауданында орналасқан №23, 17 шағынаудандағы №66, 32 «А» шағынауданындағы №248, 24 шағынаудандағы №40, 4 шағынаудандағы №8 сайлау учаскелері.
Келесі мақала