Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сергей Лебедев: Достық ниетте сайлаудың әділ өтуіне септігімізді тигізсек дейміз

Сергей Лебедев: Достық ниетте сайлаудың әділ өтуіне септігімізді тигізсек дейміз
ашық дереккөз
Сергей Лебедев: Достық ниетте сайлаудың әділ өтуіне септігімізді тигізсек дейміз

Бұл туралы ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз брифингінде бақылаушылар миссиясының басшысы Сергей Лебедев миссия жұмысыныі нәтижесі туралы айтты.
ТМД миссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын бақылау жұмысын 27 қазаннан бастап кетті. Оның ішінде 10 ұзақ мерзімді бақылаушылар сайлау науқанының жүргізілу барысын бақылауда ұстады. Олар бүгінге дейін барлық өңірлерде болып, сайлау учаскелерін аралап, сыртқы істер министрлігі, ішкі істер министрлігімен, Облыстағы сайлау орталықтарымен, орталық сайлау комиссиясымен бірлесе белсенді жұмыс жасап отырды. Айта кету керек, бақылаушылар өздеріне жүктелген міндеттерді орындауда ешқандай қиындық болмады, - деді миссия басшысы.
Сондай-ақ халықаралық бақылаушылар өз жұмыстарын кезектен тыс сайлауды өткізу туралы шешім қабылданғаннан бастаған. Және миссия басшысының сөзінше олар "Қазақстан Республикасының Сайлау туралы" Конституциялық заңын оқып, толық танысып шыққандарын айтады.
Біз Қазақстанға келем дегенше сайлау туралы заңмен түгел танысып шықтық. Біздің миссияның негізгі ерекшелігі де сол- біз достық ниетте сайлаудың әділ өтуіне септігімізді тигізсек дейміз, - деді миссия басшысы.
Айтуынша, миссия басшысы әр кандидатпен, олардың сенімді өкілдерімнн кездесіп, әңгімелесіп олардың білікті, білімді, тәжірибелі адамдар екеніне көз жеткізгенін айтады.
Дауыс беру күні ТМД елдерінен 174 бақылаушы қатысатын болады. Ертең яғни 18 қараша күні олар толық Қазақстанға келіп болады. Тағы айта кету керек, кандидаттармен, сенімді өкілдерімен кездесіп олардың барлығы жоғары білімді, өмірден мол тәжірибесі бар адамдар екеін аңғардық. Сондықтан сайлаудың әділ өтуіне ат салысамыз,-деді ол.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар