Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Вирусты инфекцияның бірнеше түрі анықталды - Айжан Есмағамбетова

Вирусты инфекцияның бірнеше түрі анықталды - Айжан Есмағамбетова
ашық дереккөз
Вирусты инфекцияның бірнеше түрі анықталды - Айжан Есмағамбетова
Сайлау күнінде комиссия мүшелері бетпердені 3 сағат сайын алмастыруы керек. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «Тұмаудан басқа, елімізде өзге де вирусты инфекциялар анықталды. Олар: риновирусты, ресвирусты, аденовирусты, бокавирусты, метапневмовирусты және парагрипп. Республикамызда жіті респираторлық вирусты инфекция және тұмаумен сырқаттанудың артуын, коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың тұрақты екендігін ескере отырып, сайлауды өткізу кезінде сайлау комиссиясы мүшелері бетперде тәртібін сақтауы, бір рет қолданылатын бетпердені әр үш сағат сайын алмастыруы қажет», - деді вице-министр бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында. Оның атап өтуінше, халықтың көп жиналуын болдырмау үшін барынша кең бөлмелерді пайдалану қажет. «Бөлмелерді желдету жүйесі үзілсіз жұмыс істеуі керек. Ал жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда іс-шараларды өткізу алдында бөлме ауасын тазарту қажет», - деді Айжан Есмағамбетова.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар