Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Талапкер назарына: “Менеджмент” білім бағдарламасы

Талапкер назарына: “Менеджмент” білім бағдарламасы
ашық дереккөз
Талапкер назарына: “Менеджмент” білім бағдарламасы
«Менеджмент» мамандығы бүгінгі таңда аса танымал мамандықтардың қатарына жатады. Менеджмент мамандығы кез келген саладағы компанияларды және ұйымдарды басқару бойынша білім береді. Менеджер – бұл басқалардың жұмысын ұйымдастыруға және бақылауға қабілетті маман. Бірақ оның қолданылу саласы және білімі әртүрлі болуы мүмкін: қаржы, туризм, спорт, көлік, өнер және тағы басқалар. Өндірісті ұйымдастыру, қаржылық жоспарлау саласындағы ілгерлі білім, психологиялық басқару аспектілері, компанияларды дамыту бойынша мәселелерді кешенді және кезекті шеше білу жемісті мансапқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Егер Сіз өз ісіңізді ашқыңыз келсе, я мемлекеттік немесе жеке фирмаларда, корпорацияларда, кәсіпорындарда өз мансабыңызды жасағыңыз келсе, онда міндетті түрде менеджмент мамандығын таңдауыңыз керек. «Менеджмент» мамандығының түлегі экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесін алады. Бұл мамандық бойынша Сіз кез келген саланың компаниялары мен ұйымдарын басқару білімін меңгересіз. Өндірісті ұйымдастыру, маркетинг, қаржылық жоспарлау, басқарудың психологиялық аспектілері, компаниялардың дамуы бойынша мәселелерді кешенді және тізбекті түрде шеше алу қабілеті бұл мамандықтың түлектеріне сәтті мансап жасауға жәрдемдеседі. Олардың фирмалардың, корпорациялардың және трансұлттық компаниялардың алуан түрлі бөлімдерінің (басқармаларының) менеджері лауазымын алуға және бөлімдердің (басқармалардың) бастығына дейін өсуге мүмкіндігі бар. Мәселен М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Білім беру бағдарламасында төмендегідей мамандықтар бар: Бакалавриат 6В04114 –Мемлекеттік және жергілікті басқару 6В04115 –Маркетингті басқару 6B04113 –HR менеджменті 6В04112 –Бизнес менеджменті 6B04128 –Менеджмент Магистратура 7M04113 —HR менеджменті 7M04111 –Мемлекеттік басқару және әкімшілік ету 7M04120 –Менеджмент 7M04112 –Аумақтық даму жобаларын басқару 7M04122 –Мемлекеттік басқару және әкімшілік ету (1 жыл) 7М04130 –Менеджмент (1 жыл) 7M04114–Бизнес менеджменті 7М04121 –Бизнес менеджменті (1 жыл) 7M04123 –Аумақтық даму жобаларын басқару (1 жыл) 7M04125 –HR менеджмент (1 жыл) Кафедраның басты миссиясы:қажетті құзыреттері, мықты аналитикалық негіздері және көшбасшылық қасиеттері, жобаларды орындау тәжірибесі және командалық жұмыс дағдылары бар, XXI ғасырдың инновациялық экономикасында компаниялар мен елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерін шешуге тиімді қатысуға мүмкіндік беретін әртүрлі қызмет салаларында менеджерлерді дайындау. Жаңа шаруашылық жағдайында кез келген деңгейдегі басшы практикалық менеджменттің мазмұнын құрайтын білімнің кең саласында жеткілікті эрудицияға ие болуы тиіс. Бизнес және басқару саласында бакалаврлар мен магистрлерді дайындау бойынша оқу жоспарлары кәсіпорынды басқарудың барлық элементтерін қамтиды, бұл түлектерге орта және жоғары буын басшылары деңгейінде өз әлеуетін табысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Сапарова Гульмира Сабыровна, “Менеджмент” кафедрасының аға оқытушысы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар