Жаңалықтар
Маңғыстауда 20 қараша күні автобус жолаушылары тегін тасымалданады
- author AR-AY
- 17 қараша, 2022
- 274

Маңғыстауда 20 қараша күні автобус жолаушылары тегін тасымалданады
Кезектен тыс президент сайлауы өтетін күні, яғни 20 қарашада Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласы мен Түпқараған және Мұнайлы аудандарында автобуспен жүру тегін болады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«Қала ішінде де, ауданаралық бағыттарда да тегін жол жүру ұйымдастырылады», - дейді Маңғыстау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев.
Бұл – №103, №104, №105, №106, №107, Ақтау-Батыр, Ақтау-Қызыл-Төбе-2, Ақтау-Ақшұқыр, Ақтау-Сайын-Шапағатов және қалалық №2, 3, 4, 4М, 5, 7, 8 бағытындағы автобустар.
Қоғамдық көліктер бұл күні әдеттегі кесте бойынша сағат 6:00-ден 20:00-ге дейін қатынайды.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері сатылымға шығатын күн белгілі болды
- авторAR-AY
- 15 қыркүйек, 2025
Жаңалықтар
Президент Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысын қабылдады
- авторAR-AY
- 15 қыркүйек, 2025