Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өскеменде тұрғылықты тіркеуі жоқ сайлаушылар қайда дауыс бере алады

Өскеменде тұрғылықты тіркеуі жоқ сайлаушылар қайда дауыс бере алады
ашық дереккөз
Өскеменде тұрғылықты тіркеуі жоқ сайлаушылар қайда дауыс бере алады
Өскемен қаласының тұрғындары президент сайлауында 122 учаскеге барып дауыс бере алады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, 20 қараша күні өтетін президент сайлауында Өскемен бойынша 122 учаске жұмыс істейді. Оның ішінде жабық учаске саны – 10. «Қаладағы тұрғылықты тіркеуі жоқ сайлаушылар өз дауыстарын беру үшін арнайы учаскелер дайындалды. Олар: - Қаныш Сәтбаев даңғылында орналасқан Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейде; - Қазақстан көшесіндегі А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханада; - Өскемен көшесіндегі Мұхамет Шаяхметов атындағы №23 орта мектепте; - Жаңа-Ахмер көшесіндегі Ахмеров орта мектебінде; - Алматы көшесіндегі Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектепте дауыс бере алады», - делінген ақпаратта. Еске салсақ, тұрғылықты тіркеуі жоқ қазақстандықтарға дауыс беру мүмкіндігі жасалғанын бұған дейін жазған болатынбыз. Ол үшін азаматтар дауыс беру учаскесінің ғимаратына бір күнге тіркеуге тұра алады. Тиісті қаулыға Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қол қойды. Сайлаушылар тізіміне 11 миллионнан астам қазақстандық енді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар