Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

КАРАТЭШІЛЕР ҚЫЗЫЛОРДАДАН ҚҰР ҚАЙТПАДЫ

КАРАТЭШІЛЕР ҚЫЗЫЛОРДАДАН  ҚҰР ҚАЙТПАДЫ
ашық дереккөз
КАРАТЭШІЛЕР ҚЫЗЫЛОРДАДАН ҚҰР ҚАЙТПАДЫ
Қызылорда қаласында каратэ WKF-тен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел чемпионатына республикамыздың 15 облысынан келген 18 командадан 500-ден аса спортшы қатысты. Жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысының құрамасы үшінші орынға ие болды. Жеңімпаз жерлестерімізді атап өтер болсақ, Нұрасыл Нұрсейіт (35 келі), Нұркен Нұрзатұлы (40 келі), Алмат Айбынұлы (45 келі), Алмат Нұрсейіт (55 келі) чемпионаттың алтынын мойындарына тақса, Россия Алиева (47 келі) мен Толғанай Бағдатбек (+47 келі) күміспен күптелді. Сондай-ақ Амалия Асанова, Амина Хидриева, Рисалат Муса-Ахунова, Рамин Алиев және Олжас Бекмұрат қола жүлдені қанағат тұтты.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар