Жанат Шардарбекова: Үлкен жауапкершілік жүктейтін күн
Қоғамда саяси науқан туралы қоғамда әр түрлі пікір бар. Дегенмен қазақстандықтардың басым бөлегі Президент сайлауы еліміздегі ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалардың жаңа кезеңіне бастайды деген үміт зор, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Осы мақсатта біз Түркістан облыстық «Фараб»әмбебап ғылыми кітапханасының директоры, Мәдениет саласының үздігі Жанат Шардарбекованың пікірін білген едік.Міне, кезектен тыс сайлау күніне де жақындап келеміз. Алдағы сайлауда жеңіске жеткен кандидат елді жеті жыл басқарады деп күтілуде және ол содан кейін қайта сайлана алмайды. Конституцияда осылай жазылған. Бұл жолғы өтер сайлауға, үміткерге артылар сенім өте зор. Биылғы жылдың оңай басталмағаны баршаға белгілі. 2022 жылы қаңтардың басында Қазақстанда жаппай наразылықтар болды. Батыс аймақта газ бағасының көтерілуіне, қымбатшылыққа байланысты басталған наразылық елдің басқа өңірлеріне тарап, елімізде айтарлықтай қақтығыстар орын алды,- дейді ол.Оның ойынша, бұл түбегейлі зерттеуді қажет ететін үлкен мәселе.
Сондықтан да саяси маңызы зор оқиғаға дайындық қызу үстінде. Сайлауға түсетін кандидаттардың тізімі бүгінде нақтыланды. Айта кетерлігі, орталық сайлау комиссиясының хаттамасында кандидаттың лингвистикалық комиссияның мемлекеттік тілді меңгеруі туралы талаптың қойылуы өте орынды. Бұл мемлекетімізде қазақ тілінің деңгейін арттыруды, құжаттарды қазақ тілінде жүргізуді, Қазақстан Республикасы азаматтарының жаппай мемлекеттік тілге құрметпен қарауын көздейді. Демек, тіл мәселесі де сайлаумен қатар оң шешімін табар ең өзекті мәселелердің бірі болғалы тұр,- дейді Жанат Шардарбекова.Ол халықтың әл-ауқатын, материалдық жағдайын, білімін көтеретін, елдің бірлігі мен татулығын ойлайтын, ел еңсесін көтерер Жаңа Қазақстанды құратын президентті халық қашанда қолдайтынын айтып өтті.
Жаңа Қазақстанды бірге өркендететін, халыққа берген уәделерін міндетті түрде орындайтын, әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет болуды аңсайтын халық 20 қарашада өз таңдауын жасайды, - ол.Айтуынша биыл өтіп жатқан Президент сайлауы елімізге ерекше серпіліс әкелетіндігіне сенімі мол.
Олқылықтарға орын бермей, халықтың еркін таңдау жасауының пайдасы көп және бұл елімізге көз тігіп отырған көптеген шет мемлекеттердің назарын аударып отырғаны аян. Өйткені әлемде болып жатқан қақтығыстар, көрші елдегі жойқын соғыстар кім-кімді де ойландырмай қоймайды. Осы ретте бейбітшілік пен тұрақтылық мемлекеттің басты құндылығы екенін айқын сезінесің. Біз ел үмітін ақтауға дайын кандидаттардың ұсынып отырған Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуіне негіз болатын сындарлы саясаттары мемлекетімізді түрлі қиындықтан алып шығатынына, жарқын болашаққа жол салатынына ерекше сенім артамыз, - дейді Жанат Шардарбекова.
Келесі мақала