Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВТЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВТЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ
ашық дереккөз
НҰРЛАН ӘУЕСБАЕВТЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ
ҚР Президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды штабының жұмысы таныстырылды. Анығын айтқанда, президенттіктен үміткер Нұрлан Әуесбаевтың сенімді өкілі Талғат Омаров Астана қаласында «Atameken Business» телеарнасына сұхбат берді. Ол Кандидат Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмысымен Қарағанды, Ақтөбе және Ақмола облыстарында, Алматы мен Шымкент қалаларында болғанын сөз етті. Аталған үміткердің сайлауалды бағдарламасын насихаттау, халыққа түсіндіру мақсатында республика бойынша 21 штаб жұмыс істеп тұр екен. Сондай-ақ кандидаттың сенімді өкілі үгітнасихат кезінде әлеуметтік желілерді белсенді қолданып жатқанын тілге тиек етті. Талғат Омаровтың айтуынша, халық тарапынан түрлі сала бойынша сұрақтар түсіп жатқан көрінеді. Нұрлан Әуесбаев 20 қарашада өтетін кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан түсіп жатқанын айта кеткіміз келеді. Жуырда Нұрлан Әуесбаев Оралдағы Гагарин атындағы кинотеатрда сайлаушылармен кездесу өткізді.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар