Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ерлан Сыдықов: Қазақстандағы сайлау жүйесі - тарихи дәстүрдің жалғасы

Ерлан Сыдықов: Қазақстандағы сайлау жүйесі - тарихи дәстүрдің жалғасы
ашық дереккөз
Ерлан Сыдықов: Қазақстандағы сайлау жүйесі - тарихи дәстүрдің жалғасы

Сайлау науқаны туралы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол бұл туралы бүгін электоралдық белсенділік азаматтық бірегейлік мәселесі талқыланған конференция барысында айтты.
Кезектен тыс сайлауды өткізу – бұл әрі қарай демократияландыру мен әділетті Қазақстанды құруға бағытталған жол. Биылғы жыл мемлекеттілікті нығайтудағы, азаматтық институтты дамытудағы, жастарымыздың мемлекеттілік және саяси баяқаруда саяси жүйені жаңғыртудағы белсенділігін арттырудағы жаңа кезең әрі үлкен мүмкіндік деп қарау керек,-деді ол.
Сондай-ақ, оның айтуынша сайлаудағы ашықтық дәстүрі дала демократиясының қойнауынан шыққан деп атап өтті.
Демократияның басты белгісі- ашық сайлау өткізу. Ал, президент сайлауы – тұрақтылық пен өз елінің тағдырына араласу таңдауы. Сарапшылар айтқандай әділ сайлаусыз демократия болмайды. Бұл аксиома ұлы дала заманынан бері келе жатқан дәстүр. Ежелгі дәуірде орта ғасырларда дамыған мемлекеттерде белгілі бір принциптер бойынша берілді. Ал, біздің ұлы дала тарихында хандарды, билерді тағайындау осы сайлау арқылы жүргізіліп отырған. 1917 жылы мамырда уақытша үкімет құрылтай жиналысында сайлау ережесін әзірлеуге кіріскені белгілі. Оған 43-депутат қатысқаны тарихтан мәлім. Демек, қазіргі Қазақстандағы сайлау жүйесін ұлы, тарихи дәстүрдің жалғасы деп білемін,- деді ол.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар