Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Сайлаудағы азаматтық бірегейлік мәселесі талқыланды

Сайлаудағы азаматтық бірегейлік мәселесі талқыланды
ашық дереккөз
Сайлаудағы азаматтық бірегейлік мәселесі талқыланды

Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ғылыми-практикалық конференция болып өтті, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.

Конференция барысында отандық және шетелдік сарапшылар жаһандық және жергілікті сайлау үрдістері туралы мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ,  халықаралық сарапшылар елдеріндегі азаматтық бірегейлікті қалыптастырудағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары  М.А. Әзілханов, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Д.Р. Қадыров, Парламент Мәжілісінің депутаты Ю.В. Кучинская, «AMANAT» партиясының хатшысы Д.Ж. Кәрібек, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Б. Сыдықов, Президент жанындағы ҚСЗИ өкілдері, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, ҚЭЗИ жанындағы сарапшылар тобы, өнірлердің ғылыми-сараптамалық топтары, жоғары оқу орындарындағы ҚХА   кафедраларының өкілдері, сондай-ақ Израиль, Испания және Ресейдің сарапшылары онлайн қатысты.
Еліміздегі саяси өзгерістердің кезінде азаматтардың белсенділігін, оның саяси үрдіске қатысуын ғылыми тұрғыда талқылау өте маңызды. Жалпы әлемдік деңгейде болып жатқан саяси күйзелістер бүгінде әрбір аймақта өтуде. Қазіргі таңда елімізде азаматтық тектестікті қалыптастырудың үдерісі жүріп жатыр. Ол қоғамдық, әлеуметтік, саяси белсенділікті арттыру арқылы қалыптасатыны белгілі. Дамыған,еркін азаматтық қоғам-сындарлы қоғамның, еліміздегі тәртіптің қалыптасуының өзегі, еліміздің дамуына бірден-бір септігін тигізер дүние,-деді «AMANAT» партиясының хатшысы Дәулет Жұмабайұлы.
Сондай-ақ, бүгінгі конференцияның маңызы туралы Данияр Рамазанұлы айтты.
Әлемде сайлау азаматтық қоғамның кемелдену деңгейін көрсететін айнасы. Бүгінгі кездесу сайлау белсенділігін арттыруға өз үлесін қосады деген сенімдімін,-деді Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров.
Конференция соңында қатысушылар жаңа сайлау дәстүрлерін қалыптастырудың маңызды аспектілерін көрсететін және оған қатысудың мәдениетін нығайтудағы рөлін айқындайтын резолюцияны қабылдады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар