БИЫЛ 158 ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСУ ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫР
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бастамасымен өңдеу өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобалардың арнайы пулы құрылуда. Жобалар импорт алмастыру және дайын өнімді экспортқа шығаруға бағытталған.
Тізімде 130 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 700-ден астам жоба енгізілген. Соның ішінде биыл 158 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Аталған жобалар аясында 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады. 2022 жылы жүзеге асырылатын жобалар негізгі төрт санатқа жіктелген. Атап айтқанда, биыл іске қосылатын; жүзеге асырылып жатқан (құрылысы жүргізіліп жатқан); пысықталып жатқан (орны анықталған, қаржыландыру көзі айқындалған және құжаттамалық жұмыстары басталған); перспективалық (әзірлену деңгейінде). М емлек ет басшысының тапсырмасына орай ҚР ИИДМ өңдеу өнеркәсібін дамытудың мүмкіндіктері мен перспективаларын дамытудың ағымдағы жағдайына талдау жасады. Талдау барысында импорттық алмастыру нарығын дайын өнімдермен қамтуға және экспорттық әлеуетті арттыруды жан д анд ыруға ерекше н аз ар аударылды. Сонымен қатар шикізат базасы, экологиялық талаптардың сақталуы, кадрлық құрамның біліктілігі мен инфрақұрылымы да ескерілді.
Өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобалардың қаржыландыруы турасында айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы бағдарламасы шеңберінде өңдеу өнеркәсібінің экспортқа бағытталған және импорт алмастыру жобаларын қаржыландырудың тиімді механизмі даярланд ы. Қаржыландыру «Қазақстан даму банкі» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы жүзеге асырылады.
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қаржыландыру екі бағыт бойынша жүргізілмек. Атап айтқанда, бірінші бағытта орта және ірі бизнестегі жобаларды қаржыландыру қарастырылса, екіншісі шағын және орта бизнес нысандарын қамтиды. Бірінші бағыт бойынша пайыздық мөлшерлеме 7 пайызды құрайды. Несиелеу мерзімі 20 жылға дейін. Жобаларды қаржыландырудың жалпы сомасы 200 миллиард теңге. Нарықтан тартылған қаражатты қоса есептегенде 285,7 миллиард теңге. Ал шағын және орта бизнес нысандарын қаржыландыруға бөлінген қаражат көлемі – 50 миллиард теңге. Пайыздық мөлшерлемесі 3 пайыздан аспайды. Несиелеу мерзімі 7 жылға дейін.
Өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларды қаржыландыру «Қазақстан даму банкі» АҚ арқылы да іске асырылады. 2021-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму Тұжырымдамасы аясында сомасы 4 миллиард теңгені құрайтын өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қаржыландыру одан әрмен жалғасуда. Бүгінде нарықтан тартылған қаражатты қоса есептегенде жалпы сома көлемі 8 миллиард теңгені құрайды. «Қазақстан даму банкінің» пайыздық мөлшерлемесі 11 пайызға дейін. Несиелеу мерзімі 20 жылға дейін.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс телефондары:
- +7 (7172) 796 309, +7 (7172) 796 320, +7 (7172) 796 323 «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Call орталығы;
- +7 (7172) 792 600 «Қазақстан даму банкі» АҚ Call орталығы.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Келесі мақала