Жаңалықтар
Бұл сайлау Қазақстанның кейінгі тағдырын шешеді – Смағұл Елубай
- author AR-AY
- 4 қараша, 2022
- 292
Бұл сайлау Қазақстанның кейінгі тағдырын шешеді – Смағұл Елубай
Жазушы Смағұл Елубай 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауына қатысты тағы да пікір білдірді.
«Аlmaty» телеарнасына берген сұхбатында ол үш аптадан кейін еліміздің үлкен саяси асудан асқалы тұрғанын айтты.
Құрметті ағайындар, қандастар! Біз үш жетіден кейін үлкен бір саяси асудан асқалы тұрмыз. Яғни, әрі қарай 7 жыл Қазақстанды басқаратын президентті өз қолымызбен сайлағалы тұрмыз. Бұл, шынтуайтына келгенде, тек қана келесі 7 жылдың тағдырын шешпейді. Қазақстанның жалпы бұдан кейінгі тағдырын шешуі әбден мүмкін, – деді жазушы.Қазір Қазақстан президенттігіне үміткерлер саяси науқанды бастап кетті. Олар ел-елде, жер-жерде үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




