Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Президент шахтада қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты

Президент шахтада қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты
ашық дереккөз
Президент шахтада қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты
Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АрселорМиттал Теміртау» АҚ шахтасындағы апатта қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады. – «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамының шахтасында болған апат салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Үкіметке және Қарағанды облысының әкіміне апат себептерін анықтау үшін шұғыл шаралар қабылдауды және қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырдым, – деп жазылған жеделхатта. Айта кетейік, АрселорМиттал Теміртау кенішінде апат болып 5 адам қаза тапқанын жаздық.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар