Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Президент сайлауында бюллетенге кандидаттардың аты әліпби ретімен жазылады

Президент сайлауында бюллетенге кандидаттардың аты әліпби ретімен жазылады
ашық дереккөз
Президент сайлауында бюллетенге кандидаттардың аты әліпби ретімен жазылады
Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін президент сайлауында қолданылатын бюллетендерді көрсетті, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «ҚР сайлау туралы» конституциялық заңның 12-бабының 6-тармақшасына және өзінің өкілеттіктеріне сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында дауыс беруге арналған бюллетень формасы мен мәтінін, оларды дайындау тәрбітін сондай-ақ бюллетеннің қорғалу дәрежесін белгілейді», - деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман бүгінгі отырыста. «ҚР Сайлау туралы» конституциялық заңның 37-бабына сәйкес, сайлау бюллетеніне барлық тіркелген кандидаттар мемлекеттік тілдегі әліпби ретімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып жазылған және «Бәріне қарсымын» деген жол енгізілген. Осылайша, бюллетенде Әбден Қарақат Жақсылыққызы, Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы, Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы, Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы, Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы және «Бәріне қарсымын» бағанасы бар.   «Сайлау туралы» конституциялық заңның 37-бабына сәйкес, бюллетендер сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде резервпен дайындалады. Заң талаптарына сәйкес, сайлау бюллетендері сақталатын ғимарат толық мөрленіп, ішкі істер органдары күзетіне тапсырылады. Ұсынылған сайлаушылар тізіміне сәйкес, біртұтас жалпыұлттық сайлау округы бойынша, 11 млн 950 мың 485 сайлаушы бар. Осылайша, 1 пайыз резервпен сайлауға 12 млн 69 мың 990 бюллетень жасалады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар