Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Президент сайлауы: Қоғамдық сауалнаманы кімдер жүргізеді?

Президент сайлауы: Қоғамдық сауалнаманы кімдер жүргізеді?
ашық дереккөз
Президент сайлауы: Қоғамдық сауалнаманы кімдер жүргізеді?
Алда өтетін президент сайлауында қоғамдық сауалнама жүргізетін 2 ұйым Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"7 қазанда Орталық сайлау комиссиясына қоғамдық сауалнама жүргізу үшін "Қоғамдық пікір" зерттеу институты ("Общественное мнение" зерттеу институты) мен AMANAT партиясының Қоғамдық саясат институты жекеменшік мекемесінен өтініш түсті", - делінген ҚР ОСК хабарламасында.
Орталық сайлау комиссиясы қоғамдық пікірге сұрау салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып, жүргізуге құқылы екенін еске салады. Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі. Сондай-ақ, қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні Интернет желісінде жариялауға жол берілмейтініне назар аударамыз. (Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағы). Заңның бұл талаптары сайлау науқанын дайындау және өткізу кезеңінде өткізілетін қоғамдық пікірге сауал жүргізудің барлық түрлеріне қолданылады.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар