Жаңалықтар
Елорда атауы Астана қаласы болып өзгерді - Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды
- author AR-AY
- 17 қыркүйек, 2022
- 250
Елорда атауы Астана қаласы болып өзгерді - Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды
Елордаға бұрынғы Астана атауы қайтарылды, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі.
"Қазақстан Республикасының елордасы - Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы деп өзгерту туралы "Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының елордасы - Нұр-Сұлтан қаласының атауы Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласы деп өзгертілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Жарлықта.Бұған дейін Сенат пен Мәжіліс депутаттары елорда атауын өзгертуді қолдап, дауыс берген болатын. Елорда атауын Астана деп өзгерту "Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген. Елорда мәслихатында қоғамдық тыңдаулар өтіп, онда депутаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдады.
Келесі мақала