Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Дулати университетінің жас ғалымдары 100 млн.-ға жуық грант жеңіп алды

Дулати университетінің жас ғалымдары 100 млн.-ға жуық грант жеңіп алды
ашық дереккөз
Дулати университетінің жас ғалымдары 100 млн.-ға жуық грант жеңіп алды
Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым-постдокторанттардың іргелі және қолданбалы зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 5 бірдей жас ғалымы жеңіске жетті. Жас зерттеушілерге ғылыми зерттеулер жүргізіп, экономиканың әр саласын дамытуға септігі тиетін тың жобаларын қолданысқа енгізуге мүмкіндік беретін конкурста Дулати университетінің ғалымдары әрқайсысы 19 миллион теңгеден грант ұтып алды. Соның бірі – «Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» ғылыми зертханасының қызметкері, магистр Ерлан Атенов. Конкурста жас ғалымның «Топырақ және құрылыс материалдарын қосу арқылы діңгегі кеңейтілген қадаларды орнатудың тиімді технологиясын әзірлеу» жобасы үздік деп танылды. Сондай-ақ «Техникалық физика» кафедрасының аға оқытушысы Толқын Қасенова да қаржыландыру сомасы 19 миллион теңгені құрайтын жобаның жеңімпазы атанғанын айта кету керек. Жамбылдық жас ғалымның ұсынған жобасын  шетелдік сарапшылар жоғары бағалаған. Ал «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Механика және машина жасау» кафедрасының аға оқытушысы Роллан Нүсіпәлидің жетістікке жеткізген жобасы «Желдің бағыты тұрақты аймақтарға арналған жел энергетикалық қондырғысының жетілдірілген конструкциясын әзірлеуге» бағытталған. Жас ғалым Нұржан Шаншабаев құрылыстағы қадалы іргетастың тиімді формасын ойлап тауып, үш жыл бойы осы жобаны егжей-тегжейлі зерттеген. Үнемі ізденісте жүретін оның конкурсқа ұсынған жобасы да үздік деп танылып отыр. «Химия және химиялық технология» факультетінің аға оқытушы, химия магистрі Рабиға Құдайбергенованың да ұсынған жобасы гранттық қаржыландыру конкурсында ғалымдардың қызығушылығын туғызғанын айта кеткен жөн. Сарапшылар тарапынан жоғары бағаланған еңбек 19 миллион теңгеге қаржыландырылып отыр. Әріптестерімізді жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дулати университетінің медиа-қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар