Жаңалықтар
Қошанов Тоқаевтың кандидаттығы туралы: Миллиондаған адам тұрақтылық пен бірлікті таңдап отыр
- author AR-AY
- 26 қазан, 2022
- 102
Қошанов Тоқаевтың кандидаттығы туралы: Миллиондаған адам тұрақтылық пен бірлікті таңдап отыр
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат берді.
6 қазан күні "Аманат" партиясы Президент сайлауында қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевты үміткер ретінде ұсынды. Президент партия мүшесі емес. Ерлан Қошанов журналистің "Аманат" партиясының сапынан Президент сайлауына қатысатын әлеуеті бар кандидат табылмады ма деген деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.Президент сайлауы мемлекеттің тағдырына, әрі қарай дамуына үлкен әсер ететін науқан ғой. Бұл мәселені бір партияның мүддесінен, амбициясынан жоғары деңгейде қарадық. Ел тізгінің сеніп тапсыратын лайықты тұлға болуы керек. Еліміздің тұрақтылығын сақтай алатын, елімізді әрі қарай дамыта алатын, соны ел өмірінде дәлелдеген адам. Сондай адамды бүгін съезд делегаттары, партияластар таңдады. Бұл - Қасым-Жомарт Тоқаев. Партияның ішінде басқа танымал тұлғалар жоқ деген сөз емес. Еліміздің болашағы үшін ең лайықты тұлғаны таңдауымыз керек. Бүгінгі күнде ең лайықты тұлғаны, қазіргі Президентімізді таңдап отырмыз. Жалғыз біз ғана емес, басқа да көптеген партияның, саяси ұйымдардың, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің таңдауы. Съезд жиындарын, өздерінің рәсімдерін өткізіп, олар да Тоқаевтың кандидатурасын үміткер ретінде ұсынып отыр, - деді Ерлан Қошанов.Ол көптеген партияның, саяси ұйымдардың, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің бірлесе құрған коалиция жұмысын бастап кеткенін, үгіт-насихат жұмыстарына рұқсат берілген күннен бастап Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабымы жұмысқа кірісетінін айтты.
Біріншіден, саяси ұйымдардың, қоғамдық бірелстіктердің партиялардың барлығының қосылып бір ортақ ұсыныс жасауы, шынында да Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең лайықты кандидатура деп мойындағаны. Осы бірлестіктердің, осы партиялардың өздерінің ұстанымдары, бағдарламалары мен саяси жолдары бар. Соның барлығы бүгінгі жүргізіп жатқан президент реформалары мен саяси ұстанымдарымен, бағдаралмасымен үндесіп жатқаны деп ойлаймын. Екіншіден, бұл саяси ұйымдар, қоғамдық бірелстіктер, партиялар - еліміздегі ең ірі саяси күштер. Коалицияға өз ұсыныстарын беріп, біз де осы үміткерді қолдаймыз, біз де қосылайық деп қосылып жатқан қоғамдық ұйымдар бар. Коалиция артында миллиондаған адам бар. "Аманат" партиясының артында миллион мүшесі бар. Барлығын қосқанда миллиондаған адамның тұрақтылықты, бірлікті таңдап отырғанын көрсетеді. Үшіншіден, жаңа саяси мәдениеттің дамып жатқанын көрсетеді, - деді ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы.Ерлан Қошанов Президент пен Парламент сайлауының белгіленгені күтпеген жағдай болғанын, десе де мемлекеттің болашақ тағдырына қатысы бар ірі шешімдер атүсті қабылданбайтынын айта кетті.
Президент өзіне қажет адамдармен, мамандармен ақылдасады. Сарапшылармен де пікірлеседі. Ойланып толғанып, шешімді өзі қабылдайды. Әбден ойланып, толғанып, бүкіл тәуекелдердің бәрі ескерілген шешім деп айтамын. Мұны сайлауды саяси реформалардың заңды жалғасы деп есептеу керек. Себебі саяси реформаларды қабылдағаннан кейін бүкіл саяси институттар жаңғыруы керек. Оны қоғам да талап етіп жатыр. Президент алда болатын сайлау науқандарының кестесін алдын ала жариялады. Күзде Президент сайлауы, келер жылдың бірінші жартысында Мәжіліс сайлауы болады. Одан кейін Үкімет жаңарады немесе қайта жасақталады. Мемлекет тарихында алғаш болып отырған оқиға. Саяси мәдениеттің ашықтықтың үлгісі, дәстүрі деп айтар едім. Биыл Президент сайлауының өтуі - бүкіл билік институттарының жаңаруының басы, - деді Ерлан Қошанов.