Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қарақат Әбден «Атамекен» әнін орындады

Қарақат Әбден «Атамекен» әнін орындады
ашық дереккөз
Қарақат Әбден «Атамекен» әнін орындады
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Қазақстан халқын Республика күнімен ерекше форматта құттықтады. Ол «Ару ана» әжелер ансамблімен бірге көпшіліктің сүйікті, нағыз халық әніне айналған «Атамекен» әнін шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биыл Республика күні ұлттық мереке болып жарияланды. Қайта жаңғырған мерекеге орай патриоттық сана-сезімді арттыруға септігін тигізетін аты аңызға айналған «Атамекен» әнін орындадық. Барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймын!». — деді Қ.Әбден. Кандидаттың республикалық және облыстық сайлауалды штабтары белсенді жұмыс істеуде. Ақмола облысы мен Қарағанды сайлаушыларымен жүздесіп үлгерген Қарақат Әбден алдағы уақытта Павлодар және Абай облыстарының тұрғындарымен кездеспек.
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар