Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда жаңа қант зауыты іске қосылады

Таразда жаңа қант зауыты іске қосылады
ашық дереккөз
Таразда жаңа қант зауыты іске қосылады
Таразда келесі жылы жаңа қант зауыты іске қосылмақшы. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметіндегі баспасөз конференциясында Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков айтты. – Қаланың экономикалық дамуына инвестиция тарту өзекті. 2022-2023 жылдары 10,3 миллиард теңгеге 5 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланды. Нәтижесінде 855 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобалардың бірі «Alina Group» ЖШС «Тараз қаласындағы «Alina Group» ЖШС өндірістік базасын кеңейту және жаңғырту биылғы тамызда іске қосылды. Ал келесі жылы «Kisc» ЖШС темір құю ​​«Металл құю цехын жаңғырту» жобасы,  «СП-Тараз ПЭТ» ЖШС шикізат пен материалдарды қайта пайдалану (полиэтилентерефталатты қайта өңдеу) зауытын салу және осылайша оларды қайта пайдалануға қайтару, «Дәмді қоржын» ЖШС жобасы – «Ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі», «Алима Делюкс» ЖШС «Тұрмыстық техника зауыты» газ плиталарын өндіру және  «Оргелитстройсервис» ЖШС «Қант қызылшасы және қызылша меласса зауыты» жобалары іске қосылады деп күтілуде. Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысымен негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерде тұрақты өсім қалыптасып отыр. Барлық салада негізгі көрсеткіш 100 пайыздан  артығымен орындалды, – деген Бақытжан Әмірбекұлы бүгінде облыста қолайлы «инвестициялық ахуал» жасалғанын жеткізді. Әкімнің айтуынша, индустриалды аймақ аясында жалпы сомасы 55,3 миллиард теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылмақшы. Қазіргі уақытта кәсіпорындарды іске қосу үшін қажетті инфрақұрылымдық желілердің жетіспеушілігі мәселелерімен жұмыс жүргізіліп жатқан көрінеді. Бірінші кезеңде шамамен 2,9 миллиард теңге жұмсау қажет, оның ішінде 999 миллион теңге электрмен жабдықтауға, 6,0 миллион теңге газбен жабдықтау, 225 миллион теңге кәріз, сумен, 321 миллон теңге автомобиль жолдарын салу және қайта жаңартуға бағытталған.

Қ.Рахметуллина

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар