Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қайырбек Өскенбаев Жамбыл облысындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты

Қайырбек Өскенбаев Жамбыл облысындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты
ашық дереккөз
Қайырбек Өскенбаев Жамбыл облысындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ҚР Сарысу ауданындағы бірқатар кәсіпорындарды аралады. Қайырбек Өскенбаев пен Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов алдымен «Еврохим-Тыңайтқыштар» ЖШС-не ат басын бұрды. Онда негізінен жылына 660 мың тоннаға дейін фосфорит өндіру, жылына 640 мың тоннаға дейін фосфор ұнтағын өндіру жолға қойылған. Серіктестік басшылығы фосфат шикізатын өндіруден бастап экспортқа бағдарланған өнім – минералды тыңайтқыштар мен қосымша индустриялық өнімдерді шығаруға дейінгі толық өндірістік циклі бар химиялық кешеннің жоспар-жобасы туралы баяндады. Өндіріс қуаттылығы – жылына кемінде 1 млн. тонна өнімді құрайды1200-ден аса жаңа жұмыс орнын ашу, сонымен қатар сабақтас салалар бойынша тағы 2000 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жұмыстарды күшейтудің маңыздылығына атап өтті. Бұдан соң Қайырбек Өскенбаев «Жаңатас жел электр станциясы» ЖШС қызметімен танысты. Жоба қытайлық инвесторлармен бірлесіп жүзеге асуда. Өткен жылы кәсіпорынның жобалық қуаттылығы 100 мегаватт жобалық қуатына жетті. Бұл нысан Орталық Азиядағы ең ірі ЖЭС болып табылады. Жоба Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының негізгі жобаларының тізіміне енген. Қытайлық компания өкілдері жергілікті атқарушы билік тарапынан тиісті қолдаулар көрсетіліп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, Сарысу ауданында еліміздегі алғашқы кальцийлендірілген сода өндіретін зауыттың құрылысы жүруде. Жобаны Түркияның «Yildirim Holding» компаниясының еншілес кәсіпорны «Qazaq Soda» ЖШС жүзеге асыруда. Нысан 2024 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Өндірістің жылдық қуаты –  500 мың тонна десек, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 1,2 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Жоба аясында 1300 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Зауыттың құрылысына 400 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция салу жоспарлануда. «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында электр желілері тартылып, су құбыры жүргізіліп, теміржол инфрақұрылымын ретке келтіру жұмыстары атқарылған. Айта кетейік, Сарысу ауданының басшылығына жергілікті тұрғындар арасынан аталған кәсіпорындарда жұмыс істеу үшін мамандарды даярлау және оқыту жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылған.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. «ЕвроХим» компаниясы Жамбыл облысында көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгін жаңа кешен құрылысының қарқынын арттыру мәселелері талқыланды. Бұған дейін кальцийлендірілген сода өндіру бойынша инвесторлар тарапынан бірден үш жоба ұсынылған болатын. Мұндай ауқымды жобаны жүзеге асыруға бірінші болып Түркияның «Yildirim Holding» компаниясы кірісті. Қазіргі таңда елімізде агрохимия саласына ерекше көңіл бөлінуде. Ішкі нарықты өз өнімімізбен толық қамтамасыз ету және кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін арттыру міндеті қойылып отыр, – деді Қайырбек Өскенбаев.
Сарысу ауданында 2026 жылға дейін жалпы көлемі 924,1 млрд. теңге болатын 15 инвестициялық жобаны (2022 жылы 3 жоба) іске асыру жоспарлануда. Олар бойынша 15 2700 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде.  width=
AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар