Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда өзгелердің өмірне қауіп төндірген салтанатты автокортеж қатысушылары жауапқа тартылды

Таразда өзгелердің өмірне қауіп төндірген салтанатты автокортеж қатысушылары жауапқа тартылды
Тараз қаласында полиция қызметкерлері бейнебақылау жүйесі арқылы тіркелген жол қозғалысы ережелерін бұзу деректеріне жедел әрекет етті, деп хабарлайды arainfo.kz

Жамбыл даңғылында қалыңдықты алып бара жатқан автокөліктер кортежі жол қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бірқатар өрескел заң бұзушылықтарға жол берген.

Жедел шаралар нәтижесінде Toyota, BMW, Mitsubishi, Volkswagen, Audi және Lada маркалы автокөліктерді басқарған 9 жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы 13 әкімшілік хаттама толтырылды.

Анықталған құқық бұзушылықтар қатарында апаттық жағдай туындату, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау, қиылыстардан өту ережелерін бұзу, маневр жасау талаптарын елемеу және өзге де заңсыз әрекеттер бар.

Полицияның мәліметінше, бейнебақылау жүйелері мұндай құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар