Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тараздағы түзеу мекемесінен түркістандық азаматша босатылды

Тараздағы түзеу мекемесінен түркістандық азаматша босатылды
ҚАЖ
Бүгін Тараздағы қоныс колониясынан түркістандық азаматша босатылды. Дәлірек айтқанда, қолданыстағы заңнама аясында аталған нәзікжандының жазасын өтеу мерзімі кейінге қалдырылды.

Еске салайық, еліміздегі Қылмыстық Кодекстің 74-бабына сәйкес, жүкті әйелдердің және жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдердің, жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ер азаматтардың жазаны өтеу мерзімі кейінге шегеріледі. Осылайша, әйел азаматша уақытша болса да еркін өмірге қайта қадам басты. 

Айта кетейік, сот үкімі негізінде кінәлі деп танылған Г есімді азаматшаға Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағына сай 3 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығын айыру жазасы тағайындалған. Енді заң бойынша 42 жастағы нәзікжанды өз жазасын кейінірек өтемек.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар