Жаңалықтар
Air Astana Батыс Қазақстаннан Медина мен Жиддаға репатриациялық рейстерді жоспарлап отыр
- author AR-AY
- 3 наурыз, 2026
- 158
Сауд Арабиясы Корольдігі мен Мысыр Араб Республикасының авиациялық билік органдарынан тиісті ұшу рұқсаттары алынған жағдайда, Air Astana 2026 жылғы 3 наурызда Батыс Қазақстаннан Сауд Арабиясына репатриациялық рейстер орындауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды arainfo.kz
Жоспарға сәйкес, Медина қаласына және кері бағытта 2 рейс, сондай-ақ Жидда қаласына және кері бағытта 2 рейс ұйымдастыру көзделген.
Әуе компаниясының мәліметінше, жолаушыларды тасымалдау тек бұрын сатып алынған билеттер бойынша жүзеге асырылады.
Авиациялық билік органдары жағдайдың дамуын мұқият бақылауды жалғастырып, репатриациялық рейстердің орындалуына жан-жақты қолдау көрсетуде.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




