Мемлекет басшысы қазіргі қиын кезеңде Қазақстан халқы Бахрейн елімен тілектес екенін жеткізді. Сондай-ақ Иранға қарсы әскери іс-қимылдарға қатыспаған Бахрейн мен өзге де мемлекеттердің азаматтық инфрақұрылымына зымыранмен соққы жасалуына алаңдаушылық білдірді.
Президент Қазақстан қақтығыстың одан әрі ушығуына жол бермеу қажеттігін атап өтіп, мәселені тек диалог пен дипломатия арқылы бейбіт жолмен шешуді қолдайтынын айтты.
Өз кезегінде Бахрейн Королі Қазақстан Президентіне тұрақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа ерекше мән берілетінін айтып, екіжақты байланыстарды жандандыруға ниетті екенін растады.
Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Бахрейн арасындағы достық қатынастар мен серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ қасиетті Рамазан айында екі ел халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.


