Таразда талай қызық бар
Тарихы қатпар-қатпар тағылымнан тұратын Тараз қаласының көпшілікке бәймелім қырлары мен сырлары көп-ақ. Газетіміздің «Сіз білесіз бе?» айдары аясында өзгені былай қойғанда Тараз қаласының суын ішіп, ауасын жұтып жүрген тұрғындарының өзі біле бермейтін маңызды деректерді оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.
• Тараз қаласының ежелгі атауы «Көпестер»
• Тараз Азиядағы ең көне қалалардың біріне жатады.
• Тараз қаласының ең тұңғыш әкімі – Алдияр-Әли Түсіпов.
• Қалада ең алғаш ашылған мектеп – Ленин атындағы №1 мектеп. Қазіргі таңда аталған білім ордасына Әлихан Бөкейхановтың есімі берілген.
• Шаһардағы халық ең көп шоғырланған аумақ – 10 мыңнан аса тұрғыны бар №9 «Мыңбұлақ» ықшамауданы.
• Қаладағы ең алғашқы соғылған мәдени ошақ – қазақ драма театры. Қазіргі таңда театр қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері Асқар Тоқпановтың есімімен аталады.
• Шаһардың ең қарт тұрғыны – 1914 жылы туған Митина Парасковья Васильевна. Бүгінде кейуана108 жаста.
• Облыс орталығында күніне шамамен 30-40 сәби дүниеге келеді.
• Тараз қаласында 1 406 көппәтерлі тұрғын үй бар.
• 15-ықшамаудан – Тараз қаласындағы ғана емес, еліміздегі ең үлкен ықшамаудан.
• Тараз қаласының атауы бүгінге дейін 6 рет өзгерген.
• Еліміздегі ең ұзын субұрқақ Тараз қаласында орналасқан. «Желтоқсан толқыны» деп аталатын субұрқақтың ұзындығы 220 метр.
• Еліміздегі ең үлкен ескерткіш те Тараз қаласында орналасқан. «Тектұрмас» этно-тарихи кешеніне қойылған Әулиеатаның еңселі ескерткішінің биіктігі – 13 метр, салмағы – 10 тонна.
• Тараз қаласының жалпы аумағы 18 787 гектарды құрайды.
• Тараз қаласында барлығы 1 421 көше бар.
• Тараз қаласындағы ең ұзын көше – Абай даңғылы. Даңғылдың ұзындығы – 9,13 шақырым.
• Тараз қаласында ең алғаш рет құрылған арнаулы оқу орны – Жамбыл педагогикалық училищесі (қазіргі Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғарғы колледжі).
• Әлемдік ән өнеріндегі айрықша құбылыс болған Анна Герман бірнеше жыл Тараз қаласында тұрған.
Шежіре
1991 жыл
Жамбыл қаласындағы «Өнерпаз» фабрикасының тігін цехында жапондық желі іске қосылып, жылына 5 миллион сомның бұйымын шығару мүмкіндігі туды.
1994 жыл
Жамбыл химия өнеркәсібі акционерлік қоғамы жаңа өнім шығара бастады. Металл сапасын арттыру үшін пайдаланылатын силикомарганец өнімінің алғашқы шығарылымы Қарағанды металлургия комбинатына жөнелтілді.
1997 жыл
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Жамбыл қаласына тарихи аты – Тараз қайтарылды.
1998 жыл
Тараз қаласында Мұхаммед Хайдар Дулатиге ескерткіш орнатылды.
1999 жыл
Химия кәсіпорындары біріктіріліп, «Қазфосфат» серіктестігі құрылды.
2001 жыл
Тараз қаласында «Дарын» мектебі ашылды.
2002 жыл
«Әулиеата» әуежайынан Тараздан Астанаға қатынайтын жолаушылардың тұрақты рейсінің тұсаукесері болды.
2004 жыл
«Тараз» футбол командасы ҚР кубогын жеңіп алды.
2006 жыл
Тараз қаласында «Зербұлақ» демалыс аймағы пайдалануға берілді.
2011 жыл
Таразда тұңғыш рет облыстық кардиологиялық диспансер ашылды.
2013 жыл
25-26 қазанда Төле бидің 350 жылдық мерейтойы тойланып, еңселі ескерткіші орнатылды.
2015 жыл
Республикалық деңгейде тойланған Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы Тараз қаласында мәресіне жетіп, тағылымы мен тәлімі мол бірқатар іс-шаралар өтті.
2020 жыл
Тараз қаласында мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы ашылды.
2021 жыл
Тараз қаласында «Таразға тарту» жобасы жүзеге асып, демеушілердің есебінен көптеген нысан пайдалануға берілді.
2022 жыл
Тараз қаласы Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енді.

Келесі мақала