Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық зияткерлік ойындар өтті

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық зияткерлік ойындар өтті
Автор
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жаңа форматта жалғасуда. 2026 жылғы 16 ақпанда облыс орталығы мен аудандарда жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған бірқатар интеллектуалды іс-шаралар ұйымдастырылды.

Тараз қаласындағы «Жасөспірімдер мен жастардың ресурстық орталығында» «Экология IQ: Жасыл келешек үшін» атты зияткерлік ойыны өтті. Жекелей сында жастар жедел сұрақтарға жауап беріп, экологиялық кейстерді шешіп, визуалды тапсырмалар арқылы қоршаған ортаны қорғау бойынша білімдерін сынады. Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры А.Лесбек бұл шараның жастардың экологиялық санасын қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

Экологиялық бастамалар облыстың аудандарында да белсенді қолдау тапты. Шу ауданында «EcoQuiz: Таза Қазақстан» атты командалық квиз ойыны өтті. Қатысушылар Қазақстанның экологиясы мен табиғатты қорғау мифтері төңірегінде білім жарыстырды.

Байзақ ауданында «Жасыл аймақ» эко-симуляциялық ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында жастар ауданды басқару үлгісін жасап, бюджетті экология мен инфрақұрылым арасында тиімді бөлуді үйренді. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай форматтар жастардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық сауатты ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған.

Жамбыл облысында тұрғындардың тазалық жөнінде жергілікті атқарушы органдарға «Таза Қазақстан» акциясының ақпараттық сервисі арқылы телеграмм-ботпен өтінім беруге мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері платформа арқылы 34 өтінім  түскен.

2030 жылға дейінгі «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың өңірлік жоспары аясында халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, энергия мен суды үнемді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және жасыл желектерді отырғызу бағытында 47 маңызды іс-шара жоспарланса, 2026 жылы 33 іс-шара іске асырылады.

2026 жылы өңірде «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде 240 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарлануда. Қазіргі кезде көктемгі ағаш егу жұмыстарына дайындық жүргізілуде.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар