Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстан Ыстықкөлдегі жерді 49 жылға жалға алды

Қазақстан Ыстықкөлдегі жерді 49 жылға жалға алды
Ашық дереккөз
Қазақстан Ыстықкөл жағалауындағы жалпы аумағы шамамен 60 гектарды құрайтын жер телімдерін 49 жылға жалға алды, деп хабарлайды arainfo.kz

Келісім аясында төрт нысан Қазақстанның меншігіне өтеді.

Атап айтқанда, олар – «Қазақстан» санаторийі, «Университет» пансионаты, «Самал» демалыс үйі және «Олимп» пансионаты. Нысандар кеңес кезеңінде салынған. Келісімге сәйкес, Қазақстан бұл демалыс орындарын 3–4 жұлдызды қонақүй деңгейіне дейін жаңғыртуға міндеттенеді. Ал қырғыз тарапы нысандарды кері қайтарып алмауға кепілдік береді. Жер телімдері тек демалыс және сауықтыру мақсатында пайдаланылуы тиіс.

Сенатор Нұрия Ниязованың айтуынша, Президенттің Іс басқармасы «Қазақстан» санаторийін қайта салу жұмыстарын бастап кеткен. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың соңына жоспарланған. Санаторий аумағындағы ескі ғимараттар сүріліп, тарихи-мәдени мұра ретінде Дінмұхамед Қонаевтың №1 саяжайы сақталып, үй-музейге айналдырылады.

Қалған нысандар бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп, қаржыландыру тетіктері қарастырылуда.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар