Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Пойыздарда қауіпсіздік талаптары күшейтілді

Пойыздарда қауіпсіздік талаптары күшейтілді
ҚТЖ
Жолаушылар тасымалы пойыздарда белгіленген тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтау әрбір жолаушының міндеті екенін тағы бір мәрте ескертті, деп хабарлайды arainfo.kz

Компания барлық жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында қолданыстағы ережелерді қатаң сақтауға шақырады.

Компания мәліметінше, пойыздарда келесі әрекеттерге қатаң түрде тыйым салынады:

билетсіз жүру;

балаларды жеке басын куәландыратын немесе туыстықты дәлелдейтін құжаттарсыз алып жүру;

бір жолаушыға белгіленген 35 келіден асатын багажды алдын ала төлемсіз және рәсімдеусіз тасымалдау;

ветеринариялық құжаттары жоқ жануарларды алып жүру;

пойыз ішінде шылым және электронды темекі шегу;

төтенше жағдайсыз стоп-кранды іске қосу;

есірткі, жарылғыш және өткір заттарды тасымалдау;

агрессия таныту, жанжал шығару;

пойыз қозғалысы кезінде түсу;

вагон мүлкін бүлдіру немесе ластау;

алкогольдік ішімдіктерді тұтыну (мейрамхана-вагоннан басқа жағдайларда).

Ережелерді бұзу жолаушының әкімшілік жауапкершілікке тартылуына немесе жақын маңдағы станцияда пойыздан түсірілуіне әкелуі мүмкін.

Қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтар немесе шағымдар туындаған жағдайда жолаушылар WhatsApp арқылы +7 776 714 5686 нөміріне хабарласа алады, вагон ішіндегі QR-код арқылы операторға тікелей жазуға немесе 1433 нөмірі арқылы тегін анықтама қызметін пайдалануға мүмкіндігі бар.

Аталған талаптар «Теміржол көлігімен жолаушылар, багаж және жүк-багажды тасымалдау қағидаларына» сәйкес бекітілген. Компания пойыз ішіндегі тәртіп пен қауіпсіздік — ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар