Жаңалықтар
Жамбыл облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды
- author AR-AY
- 12 ақпан, 2026
- 108
Қолайсыз ауа райына байланысты республикалық трассада жүк көліктеріне шектеу енгізілді, деп хабарлайды arainfo.kz
2026 жылғы 12 ақпан сағат 13:30-дан бастап ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың бірқатар учаскелерінде жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылды.
- Атап айтқанда, «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының:
- 238–476 шақырым аралығы (Тараз қаласы – Қайнар ауылы);
- 476–534 шақырым аралығы (Тараз қаласының айналма жолы)
- бөліктерінде жүк автокөліктерінің қозғалысы уақытша тоқтатылды.
Жол қозғалысын 2026 жылғы 13 ақпан сағат 10:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Жүргізушілерден жолға шықпас бұрын ауа райы жағдайын ескеріп, ресми ақпарат көздерін қадағалау сұралады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Балық ресурстарының заңсыз айналымын алдын алу бойынша акция өтті
- авторAR-AY
- 28 наурыз, 2026




