Жамбыл облысында ауа райының күрт бұзылып, қалың қар жаууына байланысты жолдарды тазалау және қысқы күтіп-ұстау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде.
Қазіргі таңда 14 925 тонна құмның 9 658 тоннасы және 1 500 тонна тұздың 920 тоннасы пайдаланылуда.
Облыстық маңызы бар жолдарға 11 мердігерлік ұйым қызмет көрсетуде. Бұл бағытта 85 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Қорда 3 477 тонна құм мен 340 тонна тұз бар.
Аудандық маңызы бар жолдарды тазалауға 10 мердігерлік ұйым жауапты. Жұмысқа 93 бірлік арнайы техника тартылған.

Тараз қаласының көше желілерін қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС атқаруда. Кәсіпорын күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Қоймада 2 600 текше метр құм және 1 530 тонна тұз қоры бар. Қар тазалау жұмыстарына 50 бірлік техника мен 300-ден астам қызметкер жұмылдырылған.
Сонымен қатар қажет болған жағдайда құрылыс компанияларының техникасы тартылып, қосымша ауыр техниканы жалға алу мүмкіндігі қарастырылған.
Облыс тұрғындарына ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтап, алыс жолға шықпау ұсынылады.




