Қазақстандық арнайы жасақтар Дубайдағы SWAT Challenge-2026 турнирінде көш бастап тұр
- author AR-AY
- Бүгін, 10:21
- 17
Биылғы додаға 109 команда қатысып, тактикалық, физикалық және атыс дайындығы бойынша өз шеберліктерін сынап жатыр.
Қазақстан атынан жарысқа бес команда қатысуда. Үшінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша отандық арнайы жасақтар жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте алдыңғы орындарға көтерілді.
Қазіргі таңда Kaz SWAT Team C командасы 1-орынға шығып, абсолютті көшбасшы атанды. Ал Kaz SWAT Team A 2-орында келеді.
Басқа командалардың да нәтижелері жоғары деңгейде: Kaz SWAT Team Tomiris – 14-орын, Kaz SWAT Team B – 16-орын, Kaz SWAT Team D – 22-орын.
Айта кетерлігі, Kaz SWAT Team Tomiris әйелдер командалары арасында көш бастап тұр.
SWAT Challenge-2026 турниріндегі нәтижелер қазақстандық арнайы бөліністердің кәсіби дайындығының жоғары екенін және халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенін айқын көрсетіп отыр.



