Президент өз сөзінде білім сапасын арттыру, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие беру, мұғалім мәртебесін көтеру және білім беру жүйесін заман талабына сай жаңғырту мәселелерін нақты атап өтті. Бұл бағыттар – ұстаздар қауымына үлкен сенім мен жауапкершілік жүктейді.
Мектеп ұжымы ретінде біз құрылтайда көтерілген міндеттерді жүзеге асыруда оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыруға, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға, тәрбиенің ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделуіне ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Ұлттық мүдде мен заманауи талаптарды қатар ұстанған жағдайда ғана сапалы білім мен тәрбиенің нәтижесіне қол жеткізе аламыз. Сонымен қатар мұғалімдердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету, заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдану – ортақ міндетіміз.
Әдеміау АБИЕВА,
№2 Михаил Ломоносов атындағы
орта мектептің директоры,
Қордай ауданы




