Жаңалықтар
Оңай ақша ешкімді оңдырмайды: полиция жастарды сақ болуға шақырады
- author AR-AY
- Бүгін, 17:39
- 1
Полиция жастарды мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралатын “курьерлік жұмыс” туралы күмәнді ұсыныстардан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды arainfo.kz
Мұндай хабарландырулар көбіне заңсыз әрекеттермен, соның ішінде тыйым салынған заттардың айналымымен байланысты болады.
Жылдам әрі оңай табыс уәде ететін бұл ұсыныстардың соңы қылмыстық жауапкершілікке, тіпті бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін. Осыған байланысты тәртіп сақшылары азаматтарды заңсыз әрекеттерден аулақ болуға, күмән тудыратын ұсыныстарға сенбеуге және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырады.


