«Өз еркімен келді»: жұмыстан шығарылған полицей Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты өз нұсқасын айтты
- author AR-AY
- 24 қаңтар, 2026
- 122
Оның айтуынша, тергеу барысында жасаған барлық әрекеті заң талаптарына сай болған. Алайда іс қоғамда үлкен резонанс тудырған соң өзі және бірқатар басшылық құрам қызметтен босатылған.
Заңгер Айгүл Орынбекке берген сұхбатында ол Нұрай жоғалған күні шақырту бойынша қыз бен оның танысы Шерхан болған үйге барғанын мәлімдеді.
Экс-полицей жағдайды толық көрсету үшін бейнематериалды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі арқылы жариялауды ұсынғанын, бірақ ұсыныс қабылданбағанын айтты. Видеода Нұрайдың 2025 жылғы 4 қазанда кешкі уақытта Шерханмен бірге Алматыдан Шымкентке шыққаны көрсетілген.
Сондай-ақ ол қызметтен босатылғаны туралы хабарды әжесі ауыр қабылдап, көп ұзамай өмірден өткенін айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа әділдікті қалпына келтіруді сұрап жүгінгенін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Таразда U15 және U23 санаттары арасында Қазақстан чемпионаты басталды
- авторAR-AY
- 9 наурыз, 2026
Таразда референдум қарсаңында спорт пен өнер тоғысқан мерекелік шара өтті
- авторAR-AY
- 7 наурыз, 2026




