Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Серік Сәпиев орынбасарынан «таяқ жеді» деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Серік Сәпиев орынбасарынан «таяқ жеді» деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
gov.kz
Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев әлеуметтік желіде тараған дау-дамайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды arainfo.kz

Бұған дейін желіде оның орынбасары Дәурен Есімхановтан соққы алды деген ақпарат пен бейнежазба жарияланған болатын.

Сәпиевтің айтуынша, ол мемлекеттік қызметкер ретінде этикалық нормаларды қатаң сақтайды және рингтен тыс жерде ешқашан күш қолданбаған.

«Әлеуметтік желі мен БАҚ-та тарап жатқан жағдайға қатысты айтар болсам, мен мемлекеттік қызметкермін және өз міндеттерімді орындау кезінде мемлекеттік қызметшінің этикасын сақтаймын. Бала кезімнен жаттықтырушыларым рингтен тыс жерде күш қолданбауға үйретті. Өз күшімді жақсы бағалаймын, барлық әрекетім үшін жауапты екенімді білемін. Сондықтан арандатушылыққа жол бермеймін. Әңгіме осымен тәмам», – деп жазды Серік Сәпиев әлеуметтік желідегі парақшасында.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар