Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таразда 10-нан аса жазасын өтеушіге «Жиһаз өндіруші» мамандығы бойынша сертификат берілді

Таразда 10-нан аса жазасын өтеушіге «Жиһаз өндіруші» мамандығы бойынша сертификат берілді
Автор
Еліміздегі пенитенцианарлық жүйенің басты міндеттерінің бірі – бас бостандығынан айырылған жазасын өтеуші азаматтарды жұмыспен қамту. Бұл ретте түзеу мекемелерінің өндірістік аймағына жеке кәсіпкерлерді тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ арнайы контингент өкілдерінің жаңа мамандықтарды меңгеруі үшін қысқамерзімді курстар ұйымдастырылуда. Мәселен, жуырда ғана өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінде жазсын өтеуші 12 азаматқа «Жиһаз өндіруші» мамандығын сәтті тәмамдағанын растайтын сертификат табыс етілді.

Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы жылдың мамыр айында қылмыстық-атқару жүйесін ізгілендіру және сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің пәрменді тетіктерін қалыптастыру жөнінде тапсырма берген болатын. Осыған орай өткен жылдың қазан айынан бастап «Жамбыл жиһаз фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі республикалық маңызы бар жобаны қолға алды. Осылайша бас бостандығынан айырылған адамның қоғамға  қайта бейімделуі үшін аталған кәсіпорынның бастамасының аясында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті, «Еңбек-Тараз» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының облыстық филиалы және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалы арасында ведомствоаралық ынтымақтастық туралы төртжақты меморандум жасалды. Ал қанатқақты жобаны тәжірибе жүзінде іске асыру үшін былтыр желтоқсан айында мүдделі тараптармен: яғни, Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен «Жамбыл жиһаз фабрикасы» серіктестігі арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. 

Айта кетейік, дәл осы бастама аясында «Жамбыл жиһаз фабрикасында» оқу орталығы мен оның материалдық-техникалық базасы құрылды. Сонымен қатар «Жиһаз өндіруші» мамандығы бойынша қысқамерзімді курстың оқу бағдарламасы мен сағат кестесі әзірленді. Мұнан соң емтихан билеттері құрастырылып, оқу бөлмесі толық жабдықталды. Нәтижесінде, орталықта жазасын өтеуші 12 азамат бір айлық курсты сәтті тәмамдады.  Бұл жұмыстардың есебі ретінде қорытынды емтихан алынып, білім алушыларға сертификаттар табысталды.  Серіктестік басшыларының айтуынша, алдағы уақытта орталықтан 3 айлық, тіпті жарты жылдық курстар ашу жоспарда бар.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар