Жаңалықтар
Жамбыл облысында 22 жасөспірім уланды: облыс әкімдігі түсініктеме берді
- author AR-AY
- Бүгін, 15:56
- 1
Жамбыл облысында өтетін күрес бойынша оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін Қызылорда облысынан арнайы келген 12–17 жас аралығындағы бірнеше жасөспірім ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды arainfo.kz
Алдын ала диагноз – белгісіз этиологиядағы гастроэнтерит.
Аурудың себептерін анықтау мақсатында науқастардан және тұтынылған тағам өнімдерінен зертханалық сынамалар алынды. Қазіргі уақытта облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Балалардың ауруханаға түсу фактісі жергілікті полицияда тіркелген.
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен орынбасарлары Айжан Есмағамбетова мен Серік Сәлемов оқиға орнына барып, жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді.
Қазіргі кезде жасөспірімдер дәрігерлердің тұрақты бақылауында, барлығының жағдайы қалыпты. Жиынға қатысқан қалған 103 бала мен 13 жаттықтырушы толық тексеруден өтіп, ауру белгілері анықталған жоқ. Профилактикалық шаралар жалғасуда.


