Жаңалықтар
Таразда полицей оқушылар жоғалтқан ұялы телефонды жедел тауып берді
- author AR-AY
- Бүгін, 10:50
- 1
Тараз қаласында қоғамдық көлікте ұялы телефонын ұмытып кеткен екі оқушыға полиция қызметкерлері жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды arainfo.kz
Оқиға кезінде балалар не істерін білмей, жақын маңда жүрген патрульдік полиция қызметкерлеріне жүгінген. Құқық қорғау органдары жағдайды бірден бақылауға алып, Жедел басқару орталығына хабарлаған. Бейнебақылау камералары арқылы автобустың бағыты анықталып, көлік дер кезінде тоқтатылды.
Жедел әрі үйлесімді әрекеттің нәтижесінде жоғалған ұялы телефон табылып, қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, балалардың әжесінің қатысуымен заңды иесіне табысталды.
Оқушылар мен олардың әжесі полиция қызметкерлеріне көрсеткен жедел көмегі мен қамқорлығы үшін алғыс білдірді. Аталған оқиға полицияның азаматтардың, әсіресе кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы қызметінің тиімділігін көрсетті.

