Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Таза Қазақстан – жастардың қолында

Таза Қазақстан – жастардың қолында
Автор
Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «125 HIGH SCHOOL» жекеменшік мектебінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Қоқыс мәселелері жастар қолында» тақырыбында кездесу өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған экологиялық бірегей жоба елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыруға, азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған. Аталған жоба еліміздің барлық өңірін қамтып, қалыпты экологиялық болашақтың негізін қалады.

Акцияның басты нәтижелерінің бірі – қоғамның түрлі топтарының бірігуі, бірлесіп жұмыс істеуі болды. Науқанға мемлекет, жергілікті билік органдары, мектептер, студенттер, кәсіпорын-мекемелер, қарапайым азаматтар белсене қатысып, барлық аймақтарда тазалық жұмыстары тыңғылықты жүргізілді.

Акцияның тағы бір жетістігі, жас ұрпақты экологиялық мәселелерге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды. Бұл шаралар мектептер мен оқу орындарында экологиялық тәрбие беру, балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулу арқылы жүзеге асты.

Қол жеткізілген нәтижелерді нығайту, экологиялық сананы ұзақ мерзімге қалыптастыру мақсатында жақында «Халықтың экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы» бекітілді. Құжат экологиялық саясаттың негізгі бағыттарын анықтайды

«125 HIGH SCHOOL» жекеменшік мектебінде өткен іс-шара барысында ««Байтақ» жасылдар партиясы облыстық филиалының әйелдер қанатының жетекшісі Салтанат Қашағанова мен «Золотой караван» туристік компаниясының мүшесі Мария Веймер сөз алып, қатысушыларға Қазақстандағы экологиялық ахуал, табиғатқа немқұрайды қараудың салдары, қоқысты сұрыптау, жасыл аймақтарды көбейту секілді маңызды мәселелер бойынша ойларын ортаға салды.

Сымбат ҚУАНЫШ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар