Президент Ұлттық құрылтай жұмысына белсенді қатысқан азаматтарды мемлекеттік наградамен марапаттады
- author AR-AY
- Бүгін, 17:55
- 1
Қазақстан Республикасының Президенті елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
I дәрежелі «Барыс» орденімен:
Имандосов Самұрат Жұманұлы – еңбек ардагері, Қызылорда облысы
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» ҚБ төрағасы, Астана қаласы
II дәрежелі «Барыс» орденімен:
Ақылбай Серік Байсейітұлы – «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ төрағасы, Астана қаласы
Күлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы – «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы» ЖШС ғылыми жетекшісі, Астана қаласы
Тұрлыханов Дәулет Болатұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты
III дәрежелі «Барыс» орденімен:
Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы – «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қостанай облысы
Досжан Сәуле Мағазбекқызы – жазушы, Алматы қаласы
Жаңбыршин Еділ Терекбайұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты
Сабильянов Нұртай Салихұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты
Умарова Айман Муратовна – адвокат, Алматы қаласы
Ізбасов Максим Шафихұлы – Атырау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі

«Парасат» орденімен:
Аңсат Сәби Әбдіқадырұлы – еңбек ардагері, Қызылорда облысы
Әбенов Мұрат Абдуламитұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты
Бикебаев Айдын Жолшыұлы – адвокат, Астана қаласы
Кенжеханұлы Рауан – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ президенті, Астана қаласы
Көшербаев Айтбай Көшербайұлы – еңбек ардагері, Қызылорда облысы
Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы – Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты
Пономарёв Сергей Михайлович – Парламент Мәжілісінің депутаты
Сайыров Ерлан Бияхметұлы – Парламент Мәжілісінің депутаты
Сатыбалды Азамат – актер, Алматы қаласы
Сахариянов Қанат Ақылбайұлы – «Media Holding «Atameken Business» ЖШС бас директоры, Астана қаласы
Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы – «Тандем» телерадиокомпаниясы» ЖШС бас директоры, Ақтөбе облысы
Тілеуімбетов Мұрат Жолкелдіұлы – Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы
Фазылжан Анар Мұратқызы – «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» РМК директоры, Алматы қаласы
«Ел бірлігі» орденімен:
Дементьева Наталья Григорьевна – Парламент Мәжілісінің депутаты
«Құрмет» орденімен:
Арыстанбеков Қайырбек Төлендіұлы – «Экономикалық саясат институты» мекемесінің президенті, Астана қаласы
Әміртаев Азаматхан Сайлауұлы – «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» ҚБ төрағасы, Астана қаласы
Әскеров Эмин Халилұлы – «Green Tal» әлеуметтік шеберханасының басшысы, Астана қаласы
Базартай Жандос Нұртайұлы – «Amanat» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы
Борашов Раббим Байбозұлы – Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі
Жәлімбетов Қайрат Тыныштықұлы – «Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» КММ директоры, Қызылорда облысы
Қожахметова Ләззат Таймырқызы – Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты
Майгелдинов Қазыбек Өмірзақұлы – «Қытай зерттеушілері қауымдастығы» ҚҚ төрағасы, Астана қаласы
Сарыбай Серік Әбікенұлы – жазушы, Жетісу облысы
Сәдуақасов Серік Тельманұлы – Павлодар облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі
Тау Сырымбек – кәсіпкер, Алматы қаласы
Тұрсынқожаев Қайсар Болатбайұлы – білім мәселелері жөніндегі сарапшы, Алматы қаласы
Шаталов Никита Сергеевич – Парламент Мәжілісінің депутаты
«Ерен еңбегі үшін» медалімен:
Матжани Нұрбек Сейілханұлы – журналист, Астана қаласы
Сұлтанхан Мейірбек Бектұрсынұлы – «Хабар» телеарнасының редакторы, жүргізушісі, Қызылорда облысы
«Шапағат» медалімен:
Пак Елена Владимировна – «Ассамблея жастары» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен:
Бақтиярұлы Мұрат – қоғам қайраткері, Қызылорда облысы
Нұрмұхамедов Бөріхан Жолбарысұлы – саясаттанушы, Алматы қаласы
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


