Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҰБТ-ның алғашқы аптасында 94 ереже бұзушылық анықталды

ҰБТ-ның алғашқы аптасында 94 ереже бұзушылық анықталды
НЦТ
10 қаңтарда басталған Ұлттық бірыңғай тестілеуге бүгінгі күнге дейін 36 мыңнан астам талапкер қатысты, деп хабарлайды arainfo.kz

Олардың 64 пайызы тестілеуді қазақ тілінде, 36 пайызы орыс тілінде тапсырса, 52 талапкер ағылшын тілін таңдаған.

Тестілеудің алғашқы аптасының қорытындысы бойынша талапкерлердің 60,3 пайызы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа нәтиже 57 балды құрады. Ең жоғары көрсеткіш – 131 балл.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін жасалған қолайлы жағдайлардың арқасында ҰБТ-ға 156 талапкер қатысқан.

Талапкерлер тест тапсырмаларының мазмұнына қатысты тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Ал техникалық себептер бойынша апелляциялар тестілеу барысында қабылданады. Сертификаттар апелляция нәтижелері шыққаннан кейін талапкерлердің жеке кабинеттерінде қолжетімді болады.

ҰБТ-ның алғашқы аптасында 94 ереже бұзушылық тіркелді. Оның ішінде 56 талапкер смартфон, шпаргалка және өзге де тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 38 талапкер тестілеу барысында ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Өзге адамның орнына тест тапсыру деректері анықталған жоқ.

Айта кетейік, 2026 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Егер ереже бұзу немесе тыйым салынған заттарды пайдалану фактілері анықталса, талапкерлердің нәтижелері жойылады.

Еске салайық, биылғы ҰБТ-ға қатысу үшін 187 мыңға жуық өтініш түскен.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар