Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Этносаралық келісім – біздің күшіміз

Этносаралық келісім – біздің күшіміз
Автор
Қазақстан – көпэтносты мемлекет. Біз әртүрлі этнос өкілдерімен бірге өмір сүріп, бір-біріміздің дәстүрімізді, тілін және мәдениетін құрметтей отырып, бейбіт қоғамды бірге жасаймыз.

Ал заң – бұл біздің қоғам бірлігін сақтайтын “қорғаныс қалқаны”. 

Заң бізді қорғайды

ҚР Конституциясы:

1-бап – Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

7-бап – Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады.
Қазақстан халқының барлық тілдерін үйрену мен дамытуға жағдай жасалады.

14-бапЗаң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
Ешкімді нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына немесе басқа да белгілеріне байланысты кемсітуге болмайды.

Мысалы, сіз қай ұлттан болсаңыз да, заң сізді қорғайды – бұл тек қағазда емес, біздің өмірімізде де күшті!

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар