Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

200 мыңдық кресло – 20 млн: Шымкенттегі ЖОО-да ірі жемқорлық ісі әшкереленді

200 мыңдық кресло – 20 млн: Шымкенттегі ЖОО-да ірі жемқорлық ісі әшкереленді
istockphoto.com
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды arainfo.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында күдіктілер қатарында бұрынғы бірінші проректор, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, өндірістік-техникалық бөлімнің қойма меңгерушісі, сондай-ақ мердігер ұйымдардың басшылары бар екені анықталды.

Олар тауарлар іс жүзінде жеткізілмеген немесе жасанды түрде қымбат бағамен сатып алынған жалған мемлекеттік сатып алу шарттарын жасаған. Байланысты жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың шоттарына аударылған қаражат кейін қолма-қол ақшаға айналдырылып, қылмыстық схемаға қатысушылар арасында бөлінген.

Мәселен, осы схема аясында университет басшылығы нарықтық құны 200 мың теңгеден аспайтын бір креслоны 20 млн теңгеге сатып алған.

Нақты жеткізілімдердің болмауын жасыру үшін күдіктілер тозған тауарлық-материалдық құндылықтарды балансынан формалды түрде есептен шығарып, оларды іс жүзінде пайдалануды жалғастырған. Ал есептен шығарылған мүліктің орнына келуі тиіс жаңа тауарлар мүлдем жеткізілмеген.

Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал көлемі 321 млн теңгені құрады. Тергеу барысында күдіктілер 264 млн теңгені ерікті түрде өтеген.

Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне, атап айтқанда төрт тұрғын үйге, бір автокөлікке және банктік шоттардағы 40 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатқа тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар