Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Жамбыл облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz

Жамбыл облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеу қойылды.

2026 жылғы 16 қаңтар күні сағат 09:10-дан бастап «РФ шекарасы – Мартөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» бағытындағы Қордай асуының жаңа айналма жолының 159–238 шақырым аралығы (Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін) көліктің барлық түрі үшін жабылды.

Қазіргі уақытта көлік қозғалысы ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Жолды 2026 жылғы 17 қаңтар күні сағат 14:00-де ашу жоспарланып отыр.

Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы алуға болады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар