Жақында Дінмұхамед Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасың ұйымдастыруымен «Ұлттың ұлы – биігі Қонаев» атты тағылымды іс-шара өтті.
Аталмыш шараның мақсаты жас оқырманға Дінмұхамед Ахметұлының өмір жолын, ел дамуына сіңірген еңбегін таныту, сондай-ақ отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу болды.
Іс-шара барысында Дінмұхамед Қонаевтың «Өмір жолы – өнеге» атты бейнеролигі көрсетілді. Тұлғаның тағылымды ойларынан шабыт алып жүрген Айша бибі мектебінің оқушысы Айерке Серікқалиқызы ұлы тұлғаға арнау өлең шумақтарын көрермендер назарына ұсынды.

Кеш барысында Айша бибі мектебінің оқушылары және №59 орта мектебінің оқушылары Қонаевқа арнап өлеңдер оқыды. Сонымен қатар Алматы қаласында орналасқан Дінмұхамед Қонаев музейіне онлайн экскурсия ұйымдастырылып, іс-шара соңында белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Сымбат ҚУАНЫШ
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Ұлттық сананы жаңғыртып, тарихи әділдікті орнықтырған шешім болды
- авторAR-AY
- Бүгін, 13:02


