Жаңалықтар
Пәтер жалдағанда алаяққа алданып қалмас үшін не білу керек?
- author AR-AY
- 14 қаңтар, 2026
- 156
Соңғы уақытта тұрғын үйді жалға беру сылтауымен жасалатын интернет-алаяқтық фактілері көбейіп отыр. Әсіресе әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және хабарландыру сайттарында жарияланатын «бағасы арзан», «шұғыл жалға беріледі», «иесі қалада жоқ», «қазір төлем жасамасаңыз, басқа адам алып қояды» деген мазмұндағы ұсыныстарға сақтықпен қараған жөн.
Көбіне алаяқтар өздерін пәтер иесі немесе риелтор ретінде таныстырып, тұрғын үйді көрсетпей-ақ алдын ала төлем жасауды талап етеді. Алайда ақша аударылғаннан кейін олар байланысқа шықпай, ал көрсетілген пәтердің мүлде жоқ екені немесе бөтен адамға тиесілі екені анықталады.
Мұндай жағдайдың алдын алу үшін пәтерді көзбен көрмей және меншік құқығын растайтын құжаттарды тексермей ешқашан ақша аудармау қажет. Сондай-ақ міндетті түрде жазбаша келісімшарт жасасу ұсынылады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Жаңалықтар
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




