Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Полиция сыныбының пайдасы мол болмақ

Полиция сыныбының пайдасы мол болмақ
Автор
Облыстық полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаевтың аудандарға жұмыс сапарлары жалғасуда.

Кеше Жамбыл ауданындағы Ю.Гагарин атындағы мектеп-гимназияда Қайсар Әбілекұлының қатысуымен «Жас сақшы» полиция сыныбының салтанатты ашылуы өтті.

Сақшы сыныптарын ашу – ішкі істер органдарының өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі. Жоба оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға деген құрметті арттыруға, тәртіп пен қоғам алдындағы жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.

Тұрғындармен өткен кездесуде аудандық полиция бөлімінің өткен кезеңдегі жұмысының қорытындылары айтылып, әңгіме ашық форматта жалғасты.

Тұрғындар жиынға белсенді қатысып, сұрақтар қойды, ұсыныстарын білдіріп, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді көтерді.

Кездесу барысында «Арақсыз ауыл» акциясына қатысушылар марапатталды. Акцияның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру және қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру.

Сондай-ақ, Қайсар Сұлтанбаев азаматтарды жеке қабылдап, аудан тұрғындары өз ұсыныстары мен проблемалық мәселелерін жеткізді. Барлық өтініштер бақылауға алынып, оларды қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін жолданды.

Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен өткен жедел кеңесте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында басым міндеттер айқындалып, қызметтік тәртіп пен жедел-қызметтің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар