Yenlik Colors ән жобасына қатысатын алғашқы қазақстандық әнші болды
- author AR-AY
- 13 қаңтар, 2026
- 185
Қазақстандық әнші Еңлік Құрарбек халықаралық COLORS музыкалық жобасына қатысуға шақырту алды. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Әншінің айтуынша, бұл жаңалық ол үшін үлкен қуаныш болған.
«Маған ұсыныс келгенде қуаныштан жылап жібердім. Бұған дейін бірнеше рет өзіміз өтініш беріп көргенбіз, бірақ нәтиже болмады. Бұл жолы COLORS командасы мені өздері тапты», – деді Еңлік.
COLORS жобасы әртістердің түрлі-түсті фонда жанды дауыста ән орындауымен ерекшеленеді. Жобаға әлемнің түкпір-түкпірінен талантты орындаушылар шақырылады.
Айта кетейік, бұған дейін COLORS сахнасында өнер көрсеткен бірқатар әншілер кейін әлемдік деңгейде кеңінен танымал болды. Олардың қатарында Billie Eilish, Doja Cat, Jorja Smith, Kali Uchis, Mahalia бар.
Елде қант диабетін бақылау жүйесі күшейтілді
Ұқсас жаңалықтар
Автожанармай құю стансаларында қауіпсіздікті қатаң сақтау қажет
- авторAR-AY
- 10 сәуір, 2026
Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
- авторAR-AY
- 8 сәуір, 2026




